Басты бетПарламентаризм институтының директоры тағайындалды

Парламентаризм институтының директоры тағайындалды

Парламентаризм институтының директоры тағайындалды

Заң ғылымдарының докторы Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов ҚР Президенті Іс басқармасының «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ өткізген конкурс қорытындысы бойынша Парламентаризм институтының директоры болып тағайындалды.

Бұйрыққа ПІБ МТҚБ басшысы Әлихан Жамсатов 2023 жылғы 3 сәуірде қол қойды.

Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер, заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым Академиясының мемлекет және құқық институтының ғылыми қызметкері (30 жылдан астам).

Еңбек жолын 1985 жылы ММУ стажер-зерттеушісі болып бастаған. Әр жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі, заңнама, қорғаныс және құқық тәртібі бөлімінің меңгерушісі, заң бөлімінің меңгерушісі, «Самұрық – Қазына «ҰӘҚ» АҚ Басқарушы директоры-Басқарма мүшесі, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің, ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып жұмыс істеді.