Басты бетҮлкен жүрек иесі

Үлкен жүрек иесі

Үлкен жүрек иесі Үлкен жүрек иесі

Эльмира Сақалова 2022 жылы Парламентаризм институтының үздік қызметкері деп танылды. Бұл нәзік те жігерлі әйелдің атқарып жүрген ісіне қарасаңыз, таңғалмау, тәнті болмау мүмкін емес.

Алдымен ПІБ МТҚБ «Парламентаризм институты» кәсіпорнындағы қызметіне тоқталып өтейік. Эльмира халықаралық құқық, қорғаныс және қауіпсіздік туралы заңнама, салыстырмалы құқықтану саласындағы заңнама бөлімінің бастығы.

«Жұмысымыз қызықты, өзіме өте ұнайды», – дейді ол. – Депутаттардың сұрауы бойынша біз шет мемлекеттердің заңнамасына салыстырмалы талдау жасаймыз. Олардың тәжірибесін, кейбір мәселелерді әлемдік қауымдастық қалай шешетінін қарастырамыз. Ең жақсы тәжірибені таңдап, депутаттардың қарауына ұсыныс жібереміз».

Әдетте Эльмира сияқты адамдарды «жұмысқа берілген» деп жатады. Біздің кейіпкеріміз әріптестеріне сыйлы, күнделікті жұмыстан бөлек, корпоративтік іс-шараларға да бастамашы болып, ұйымдастыруға атсалысып жүреді. Әріптестерінің арасында сыйлы.

Біз Эльмираның бір ерлігіне тоқталғымыз келіп отыр. Ол  – көпжылдық тәжірибесі бар белсенді волонтер. Ерекше балаларға көмектесетін «Фонд помощи Астана» қайырымдылық қорының негізін қалаушы, «Караван милосердия» республикалық байқауының жеңімпазы.

«Менің церебральды сал ауруы бар інім болды, оны қатты жақсы көрдім. Інім өмірден өткеннен кейін осындай өзге отбасыларға көмектесе бастадым, ерікті болдым. Бірте-бірте серіктестер пайда болды. Қазір біздің қатарымызда 50-ге жуық адам бар. Қолымыздан келгенше көмектесеміз – азық-түлік, дәрі-дәрмек, балаларға арналған киім жеткіземіз. Уақыт өте келе көп балалы аналар көмек сұрай бастады. Сол үшін 2020 жылы «Кәсіпкер ана Қазақстан» қорын аштық, аналарды үйде отырып ақша табуға болатын түрлі мамандықтарға оқытамыз», - дейді Эльмира.

Еріктілер халықтан ақша сұрамайды: өздері қосылады. Біздің кейіпкеріміз жалақысының жартысын қайырымдылыққа жұмсайды. Оның түскі үзілістегі, кешкі уақыты, кейде демалыс күндері еріктілікке кетеді. Өзінің де кішкентай екі қызын тәрбиелеуге, бәріне де үлгереді.

Міне, біздің ұжымда осындай керемет адам жұмыс істейді!