Парламенттің жаңа шақырылымының жұмысына дайындық аясында МТҚБ басшысы Әлихан Жамсатов объектілерге және ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың дайындығына тексеру жүргізді.
Кабинеттердің жай-күйі, асханада жөндеу сапасы, техникалық жабдықтардың - ілеспе аударма, аудио және бейне трансляция, дауыс беру жүйелерінің дайындығы тексерілді.
МТҚБ автошаруашылығында басшы қызметтік автокөлікке арналған мобильді қосымшаны енгізу бойынша кеңес өткізді.
«Нұрсая» ТК-де МТҚБ басшысы қызметтік пәтерлердің алдағы қоныстануға дайындадығын қарап шықты.