Басты бет«МТҚБ» ММ құрылымы туралы

«МТҚБ» ММ құрылымы туралы

  1. 1990 жылғы сәуірде (Жоғарғы Кеңестің 1990 жылғы сәуірден 1993 жылғы қараша аралығындағы 12 шақырылымы) Жоғарғы Кеңестің қаржы-шаруашылық қамтамасыз етуін Басқарушының бастамасымен Жоғарғы Кеңестің Іс басқармасы атқарды.  Іс басқармасы Жоғарғы Кеңес аппаратының құрамында болды.
  2. 1991 жылғы шілдеде  Жоғарғы Кеңес аппаратының құрылымының өзгеруіне байланысты Іс басқармасы қаржы-шаруашылық бөлімі болып қайта құрылды.
  3. 1992 жылғы шілдеде штаттық кестенің негізінде Жоғарғы Кеңестің қаржы-шаруашылық істерінің басқармасы құрылды.
  4. 1994 жылғы мамырда (1994 жылғы сәуірден 1995 жылғы наурыз аралығындағы 12 шақырылымы) Жоғарғы Кеңестің Төрағасымен Жоғарғы Кеңес аппаратының уақытша құрылымы бекітілді.   Қаржы-шаруашылық істер басқармасының саны 20 бірлік деп белгіленді.  Жоғарғы Кеңес Аппаратының ұсынған уақытша құрылымы Жоғарғы Кеңес Үйлестіру Кеңесінің 1994 жылғы 06 маусымдағы № 19 Қаулысымен бекітілді.
  5. 1996 жылғы қаңтарда қос палаталы Парламент құрылды.   Сенат және Мәжіліс аппараттарының 1995 жылғы 28 желтоқсандағы «Парламент аппараттарының уақытша құрылымы мен саны туралы» бірлескен өкімі бойынша 27 бірлігі бар Парламенттің Іс басқармасы құрылуы көзделген.
  6. Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 26 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 6 қарашадағы № 2600 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 2918 Жарлығына сәйкес құрылған. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы туралы Ережеге өзгерістер енгізілген болатын, осыған сәйкес Іс басқармасы Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары Төрағаларына, Парламент депутаттары мен Парламент Палаталар аппараттары қызметін қамтамасыз етуді, сондай-ақ шаруашылық қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Іс басқармасы құрылымына Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы - ведомосі енгізілген.
  7. 1996 жылғы 15 сәуірде Президент Іс басқарушысының № 50 бұйрығымен 40 бірлігі бар, Парламенттің ШБ-сы Басшысы бар – ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары, Шаруашылық басқармасы құрылады.   Президент Іс басқарушысының 1996 жылғы 18 қазандағы бұйрығымен Парламенттің ШБ-ның ұсынымы негізінде Парламент ШБ-сы бастығына Президент Іс басқармасымен теңдей екінші санаттың 5-ші біліктілік класы берілді.
  8. 1997 жылы Президенттің 1996 жылғы 29 қазандағы «Орталық атқарушылық органдары құрылымын жетілдіру және мемлекеттік органдар санын қысқарту туралы» № 3168 Жарлығы мен Президенттің 1996 жылғы 07 желтоқсандағы № 3261 Өкімі негізінде ШБ-ы қызметкерлерінің саны 32 кемиді.  
  9. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» № 29 Жарлығымен Парламент ШБ-ның 39 бірлік штаттық кестесі бекітілді.
  10. 2000 жылғы  25 мамырда Парламент ШБ-сы бастығының № 10-ш бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы «Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді бекіту туралы» № 318 Жарлығымен бекітілген Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымының тізбесіне сәйкес ШБ-сы Аппаратының мемлекеттік қызметшілері бекітілді.  
  11. 2000 жылғы 29 қарашада № УД-01/42 бұйрығымен Президент Іс басқармасы бойынша  ҚР Парламентінің ШБ-сы туралы Ереже бекітілді.
  12. ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының жаңа Ережесі Қазақстан республикасы Президенті Іс басқармасының 2006 жылғы 06/76 бұйрығымен бекітілген және 2008 жылғы 9 қазанда №08/192 бұйрығына «РҚ Парламенті ШБ – сы туралы Ережеге өзгерістер енгізу жөніндегі» өзгерістер енгізілді.
  13. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған органдардың штат санын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 27.09.2010ж. №1072 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасы аппаратының саны 2010 жылғы 1 қарашадан бастап 33 бірлікті құрайды.

 

 

 

__________________________________________________________

 

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 366 Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Материалдық-қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.