Басты бетМТҚБ Инженерлік орталығы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қоғамдық қабылдаудың цифрл...

МТҚБ Инженерлік орталығы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қоғамдық қабылдаудың цифрлық құралын енгізді

МТҚБ Инженерлік орталығы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қоғамдық қабылдаудың цифрлық құралын енгізді

МТҚБ Инженерлік орталығы ағымдағы жылдың 17 қазанында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтында
 

«Қоғамдық қабылдау» модулі әзірленді және енгізілді.

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін модуль бекітілген кестеге сәйкес республиканың кез келген жерінен депутаттың жеке қабылдауына жазылу мүмкіндігін беру түрінде қолайлы жағдайлар жасайды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппараты үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қоғамдық қабылдауы депутаттардың жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының алгоритмі автоматтандырылды.

Қоғамдық қабылдау модулі іске қосылғаннан бері 6 адам тіркелді (1 қабылданды, 5 қабылдаудан бас тартылды (1 – депутаттың сырқатына байланысты қабылдау кейінге қалдырылды, 1 – азамат бұрын қабылдауда болған, 3 – депутаттың іссапармен кетуіне байланысты)).

Қоғамдық қабылдаудың цифрлық құралының енгізу мақсаты – желі арқылы депутаттың жеке қабылдауына жазылу, өзара тиімді, кешенді және жүйелі түрде азаматтардың жүгінетін мәселелерін шешу және кері байланысты қамтамасыз ету.