15 қараша Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне айналды. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы" Жарлығы 1993 жылғы 2 қарашада шықты. 1993 жылғы 15 қарашада Теңге айналымға енді, сондықтан бұл күн ұлттық валютаның ресми күні болып саналады.
Мереке қарсаңында, МТҚБ Басшысы Әлихан Жамсатов МТҚБ –ның бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының бас сарапшысы Жанна Шаймерденоваға қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін ҚР Қаржы министрлігінен «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісін марапаттау рәсімде табыс етті. Жанна Шаймерденова еңбек жолында қаржы, бухгалтерлік есеп, салық салу саласындағы білімін кәсіби түрде қолдана отырып, өзін жоғары білікті тәжірибелі маман ретінде көрсетті.
Сонымен қатар, МТҚБ Басшысы Әлихан Жамсатов МТҚБ мен оған қарасты кәсіпорындардың қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен арнайы құттықтап, кәсіпорында қаржы жүйесі қызметінің маңыздылығын атап өтіп, қаржы жүйесі қызметкерлерінің ұжымына зор денсаулық, қажымас қайрат тілеп, жылы құттықтау лебіздерін айтты.