рсетілетін қызметтердің) бағаларын тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорын белгiлейдi.
46. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Жарғыда көзделмеген қызметтi жүзеге асырудан Кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.
7. Кәсіпорынның жарғылық капиталы
47. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 151 410 289 (жүз елу бір миллион төрт жүз он мың екі жүз сексен тоғыз) теңге 35 тиынды құрайды.
Жарғылық капиталды меншік иесі (құрылтайшы) Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуі сәтіне толық қалыптастыруы тиіс.
8. Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі
48. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорынның директоры бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
49. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, пайдалар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.
9. Кәсіпорынның жауапкершілігі
50. Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
10. Еңбек ұжымымен өзара қатынас
51. Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
52. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
11. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу
53. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын тиісті саланың уәкілетті органы белгілейді.
54. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесiн белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде Кәсiпорын дербес айқындайды.
55. Кәсiпорын директорының, оның орынбасарларының, бас бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн тиісті саланың уәкілетті органы белгiлейдi.
12. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату
56. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
57. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
58. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қайта бөледі.
Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, республикалық бюджеттің табысына есептеледі.
13. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
59. Кәсіпорынның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар тиісті саланың уәкілетті органының ұсынымы бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен енгізіледі.