1) тиісті саланың уәкілетті органының қызметтік тұрғын үйлері мен әкімшілік ғимараттарына қызмет көрсету және пайдалану;
2) тиісті саланың уәкілетті органының қызметтік тұрғын үйлері мен әкімшілік ғимараттарының техникалық жабдықтарына, инженерлік желілері мен жүйелеріне қызмет көрсету, пайдалану және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
3) тиісті саланың уәкілетті органының қызметтік тұрғын үйлері мен әкімшілік ғимараттарының, инженерлік жүйелерінің, құрылыстарының және басқа да объектілерінің күрделі және ағымдағы жөндеуін жүзеге асыру;
4) тиісті саланың уәкілетті органының қызметтік және өндірістік–техникалық үй-жайларың, жалпы пайдалану орындарын, аулаларды, іргелес аумақтарды және жасыл екпелерді тазалауды және күтуді қамтамасыз ету;
5) қызметтік тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттардың үй-жайларын қажетті жиһазбен, кеңселік және тұрмыстық техникамен, оның ішінде үй тұрмысындағы заттармен жарақтандыру;
6) тиісті саланың уәкілетті органының қызметтік тұрғын үйлері мен әкімшілік ғимараттарының, құрылыстарының күзетін ұйымдастыруды қамтамасыз етуге қатысу;
7) құжаттарды көбейтуді және баспа өнімдерін дайындауды қамтамасыз ету;
8) ауыз су құрамының сапасына зерттеулер жүргізу;
9) спорттық-жаттығу залының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, депутаттар, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары аппараттарының, тиісті саланың уәкілетті органының қызметкерлері және Кәсіпорын қызметкерлері үшін спорттық–сауықтыру іс–шараларын ұйымдастыру және өткізу;
10) депутаттар мен Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі аппараттарының қызметкерлерін тамақпен қамтамасыз ету үшін асхана мен буфеттер қызметтерін ұйымдастыру;
11) Кәсіпорынның асханалары мен буфеттерінде өз өндірісінің өнімдерін (түскі ас, кулинарлық және кондитерлік өнімдер), сондай-ақ өзге де азық-түлік тауарларын дайындау және сату;
12) Парламент ғимаратында және тиісті саланың уәкілетті органының әкімшілік ғимараттарында, оның ішінде тиісті саланың уәкілетті органының тапсырмасы бойынша өткізілетін қабылдауларға, фуршеттерге, банкеттерге, баспасөз конференциялары мен басқа да іс-шараларға қызмет көрсету.